Қа
Қазақ тiлi
18.05.2023 16:44
Решено

Памогите сделать кто знает​

Лучшие ответы
оксана150986
3
4,4(36 оценок)
18.05.2023 18:53

1.ничего не видно

2.не видно

3.ничего

R1ceWithM3at
20
4,7(50 оценок)
18.05.2023 16:34

1. Жақсының жақсылығы сол болар – жаманмен қосылып сөйлемекке ар етер,

Жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетіңді қара етер.

2. Жаманнан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,

Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.

3. Бар күшіңді сынамай балуандармен күреспе.

4. Атаның ұлы жақсыға малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі.

5. Арғымақ атқа көп міндім – садаға кетсін буданнан,

Азаматқа көп ердім – садаға кетсін туғаннан.

6. Жағаңа дұшпан қолы тимеске – артында туысқанның көбі игі.

7. Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.

8. Жүк тиесең – кетерсің, ниет етсең – жетерсің.

9. Жақсы да келер бұл көпке. жаман да келер бұл көпке.

10. Жоғары қарап оқ атпа – жақын түсер қасыңа.

11. Шығармақ бұлт – жай тастар, әділ жігіт – ел бастар.

12. Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн.

13. Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.

14. Жақсының өзі өлсе де – сөзі өлмейді.

15. Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті.

16. Бір жақсымен дос болсаң - азбас-тозбас мүлкі етер,

Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.

17. Жайыңды білмес қарындас – өзі дұшпан, өзі қас.

18. Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің.

19. Жаманның жалаңдаған тілі жау.

20. Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.

EminRoth
17
4,7(10 оценок)
18.05.2023 15:26
Дос деген қиындықта сыналады, оның шын дос екеніне сонда көзің жетеді,- деп естуші едім. егер ол дос болса, оны сынап қажеті не,-деп ойлаушы едім. менің досым - данияр өз ісімен маған өзінің шын дос екенін мен күтпеген, ойламаған жерден дәлелдеді. ал, мен болсам алғашқыда оның жақсылығын түсінбей одан теріс айналдым. түсінікті болу үшін бәрін басынан бастайын. біз, данияр екеуміз кішкене күнімізден доспыз, қшадан бастап, қазір бір сыныптамыз. екеуміз де жақсы оқимыз, тәртібіміз  де жақсы. мен биылғы оқу жылында сабаққа көңіл бөлуді азайттым, көбіне компьютерлік ойындар ойнап, планшетте отырғанды ұнататын болдым, үлгірімім кілт төмендеді. досым маған бірнеше рет ескертіп, үлгірімім туралы ата-анама айтатынын білдірді, мен құлақ аспадым. бір күні ата-анама айтты, мен оны сатқындыққа санадым, онымен дос болғым келмейтінін айттым. сонда ол маған оқудың маңызын, біздің болашаққа біліміміз екенін жақсылап түсіндірді, "дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" мен саған дос болғандықтан сен күмілжіп, сабақ айта алмай тұрғанда, менің  жаным ауырады, -деп өзінің мен үшін қатты қиналатынын айтқанда, мен өз қателігімді түсініп кешірім сұрадым. досымның дер кезіндегі ескертуін естен кетпес жақсылық деп санаймын. рахмет, досым!
Присоединяйся к нам!
Зарегестрируйтесь
Уже есть аккаунт? Войти