Қа
Қазақ тiлi
17.03.2021 16:00
Решено

Грамотно и правильно переведите текст с казахского на язык. ! заранее ​

Лучшие ответы
kirill46712
2
4,7(38 оценок)
17.03.2021 15:43

ответ: Халқымыздың тарихы ұшан-теңіз екеніне Тәуелсіз ел болғаннан бері көз

жеткізіп келеміз. Небір тың деректерді, ел болашағына көз жіберген дара

даналарды танып, біліп отырмыз. Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы,

Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ тарихының күрделі әрі

көкейкесті мәселелері болып табылады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін

лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық

оянудың, ұлттық сана қалыптасуының бір көрсеткіші.

«Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру

жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін

иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.

«Алаш саяси партиясының 100 жылдығына» орай шығарылып отырған

библиографиялық көрсеткіште елім, жерім деп арыстандай айбаттанып, «Оян,

қазақ!» деп үн қатқан Алаш азаматтары, ардақты зиялыларымыз кешегі қызыл

империяның қанды тырнағына ілінген азаматтарымыздың ерен ерлігін жас

ұрпаққа үлгі етіп, насихаттау мақсатында библиографиялық көрсеткішті

оқырман қауымының назарына ұсындық.

Библиографиялық көрсеткіш «Алаш қозғалысы: Аңыз және Ақиқат»,

«Алаш партиясы, Алаш партиясы съезінің каулысы» «Алашқа айбын болған

Объяснение:

kabdushevaaynash
9
4,4(47 оценок)
17.03.2021 15:43

Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.

Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII— ғ. екінші жартысынан) пайда болған.

Киіз үй; «Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Еуропа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған»,— деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев. Ойды ой қозғайды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты.

Присоединяйся к нам!
Зарегестрируйтесь
Уже есть аккаунт? Войти