Қа
Қазақ тiлi
02.04.2023 01:00
Решено

Қазақстанның табиғаты қоныржай. соған қарамастан біраз жерінің топырағы онша құнарлы емес. все .

Лучшие ответы
irinamiller93
12
4,7(45 оценок)
02.04.2023 08:13

Меңің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және әдемі, ерекше табиғатпен толы ел. Көбі мемлекетіміздің әсем тауларына, көлдеріне таңқалады. Әсіресе біздің туған өлкеміз – Бурабайды, аңызға толы көркем жерді халық көріп кетуге армандайды. Ғасырлар бойы қазақ хандары және батырлары жерімізді жаулардан қорғаған. Олар қанмен тер төгіп, аяулы еліміз үшін өз өмірлерін де берген. Жоңғарлардың шапқыншылықтары, Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін өте қиын болды. Қазақстанның әр азаматы 1991 жылғы 16 желтоқсан күнін есте сақтауға міндетті. Бұл күн Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне айналды. Осы күнді ата-бабаларымыз ұзақ уақыт бойы күткен. Бірақ тәуелсіздік алу оңайға түскен жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсан күні алматы жастары алаңға шықты. Үкімет оларды күшпен қуып таратты. Бұл оқиға бірнеше күнге созылды. Көптеген жастар аяусыз қырылды, ал қалғандары жазаға тартылды, 246 студент оқу орнындарынан шығарылды. Бұл оқиға тәуелсіздік алу жолының бірінші қадамы еді. Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық және дамыған мемлекет. Әрине, бізге әлі алға ұмтылу, ғылымды дамыту және жемқорлықты жою керек. Біраз жылдан соң Қазақстанның оданда жоғары көтерілуіне сенемін. Біздің елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – адал, дана адам, өте еңбекқор. Ол еліміздің дамуына, көркемдеуіне көп күш салып жатыр. Бұл кісінің арқасында қазақ халқының көп мүмкіндіктері пайда болды. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран. Олар тәуелсіздікті, егемендікті, дәстүрлерді, бейбітшілікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бүгінгі күннің өмірі ғана емес, сонымен қатар, еліміздің болашағы.

“Әр адамның ана тілін білуі – парыз, білмегені – ұят”, - деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөздеріне сүйенуіміз керек. Себебі әр адам өз елінде тұрып, туған дәстүрлерін, мәдениетін, ал бастысы – ана тілін білуі міндетті. Менің ойымша, қазақ ата-бабаларымыз ғасырлар бойы құрастырған, қасиетті туған тілін білмеу, құрметтемеу – өте арзыз, намыссыз, төмен, әрі ұят. Туған тілін үйрене алмаған адам, басқа тілді де ешқашан меңгере алмайды деп ойлаймын. «Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік», - деп Годвин айтқандай, біз тәуелсіздігімізді сақтап, құрметтеп, онымен мақтануымыз керек. Өйткені көптеген халықтар өз елін, жерін, тілін, дінін, қайтаруға армандайды. Біз де ата-бабаларымыздың еңбегін бағалап, ұлы батырларымызды ұмытпауымыз керек!

Объяснение:

lana205oziu8n
6
4,8(59 оценок)
02.04.2023 08:13

ответ:Менің туып өскен жерім — егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау — әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Объяснение:

Присоединяйся к нам!
Зарегестрируйтесь
Уже есть аккаунт? Войти