Қа
Қазақ тiлi
13.02.2022 20:24
Решено

Краткое срдержание романа габидена мустафина "шыганак" можно на каз. яз. или на

Лучшие ответы
Alinkaov05
4
4,4(39 оценок)
13.02.2022 09:01
Республиканың барлық өзендері солтүстік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. екі алап арасындағы суайрық  сауыр-тарбағатай  тау жүйесінің қырқасы мен  сарыарқа,  торғай үстіртіарқылы өтіп, оңтүстік оралға тіреледі. солтүстік мұзды мұхит алабы  өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. бұл алқапқа жататын өзен  ертіс  (есіл және тобыл салаларымен). республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. бұл көлдердің ірілері — каспий, арал теңіздері және қаш көлі. ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады. каспий теңізі алабы  батыс қазақстан өзендерін қамтиды. оларға жайық, жем, сағыз, ойыл, сары өзен, қара өзен және т.б. жатады. арал теңізі  алабына оңтүстік жәнеорталық қазақстанның  оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. басты өзендері сырдария, арыс саласы мен  шу,сарысу,  торғай,  ырғыз,  талас өзендері. бұлардың ішінде сырдариядан басқасы арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді. қаш-алакөл көлдер жүйесінеқазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. олар: қаратал, лeпci, ақсу, іле, тентек, сарқан, басқан және т.б.
Litegran
7
4,5(94 оценок)
13.02.2022 00:05

Жүзім құрамында қант, органикалық қышқылдар, ферменттер, илік, азотты және пектинді заттар, С, В1, В2, В6, В12, Р, РР дәрумендері, өзектер, сонымен қатар минералдар мен микроэлементтер бар. Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде. Жүзімнен шырын, компот, тосап, мармелад жасайды. Жүзім шарап өндіруде кеңінен қолданады. Ал шарап жасаудан кейінгі қалдықтардан сірке қышқылы, этил спирті, эфир майы шығарылады. Сонымен қатар жүзімді кептіріп, мейіз жасайды.

Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке болып келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу және вегетация) тұрады. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады. Вегетация кезеңі Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады. Жүзім тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері – сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын сұламалау, ұластыру, т.б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған Жүзім 2- 3-жылы өнім салады. Жүзімдіктер 40 – 50 жылға дейін пайдаланылады. Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін Жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары – рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым – ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.

Объяснение:

10/10 дұрыс корона койш

Присоединяйся к нам!
Зарегестрируйтесь
Уже есть аккаунт? Войти