Қа
Қазақ тiлi
10.06.2021 04:05
Решено

Сделайте 1,2 тапсырма или хотяб переведите 30

Лучшие ответы
VIktoriafedornak
19
4,7(38 оценок)
10.06.2021 12:45
Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту . Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте қалды. Біздің еліміз а басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының мықтылығымен келді.   Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіздің ұлылығын әрқашан қастерлеп жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды -  қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айрылудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, Сіз және Сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты, сондықтан біз өз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз, сондықтан да Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі өлмес Жеңімпаздар болып қала бересіздер.   Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан  жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарынызға Елбасы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те өз тарапынан Сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқанына сенемін. Сізге мықты денсаулық, отбасынызға береке, басыңызға бақыт тілеймін. Осындай татулығы жарасқан қазақ елінде мәнді де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін! Біз, қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант етеміз!

Объяснение:

daviduk2509
15
4,8(80 оценок)
10.06.2021 12:45

Осы кезге дейін адамдар ғарышқа ұшуды армандаған болатын.Жəне де бұны орындаған адамдар бар.Мысалы,Юри Гагарин.Бізден Қазақстаннан ғарышқа ұшқан адамдар да бар.Ал ендеше солар туралы білейік.

Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш. Ол 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.

Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минутты, Талғат Мұсабаев 341 күн 9 сағ 48 мин, ал Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағ 13 мин 51 с болған.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды.

Әубәкіров тек қана ғарышкер емес, сонымен қатар экспериментке қатысқан алғашқылардың бірі. Ол бірінші рет қазақ ғалымдарының тәжірибе барысында жасаған қазақ асханасының сублимацияланған тағамдарын қолданып көрді. Бұл тағамдарға: айран, ірімшік, ет жатады.

Тоқтар Әубәкіров – әлемнің 256-ғарышкері болса, Талғат Мұсабаев 309-ғарышкері. Айдын Аымбетов әлемнің 545-ғарышкері.

Талғат Мұсабаев – 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарғалы кентінде дүниеге келген. Ол Қазақстанның екінші ғарышкері.

1994 ж. ғарышқа 1-рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.

2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.

Талғат Мұсабаев ғарышкерлер арасында алғашқы хирург атанған.

Үш қыранға да ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағын берілген.

Айдын Айымбетов – 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы дүниеге келген.

2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

Айдын Айымбетов ғарышта 10 күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтың туған күндері бір күнде, бір айда, яғни 27 шілдеде. Екі ғарышкеріміз де Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің түлектері.

Қазақ жерінде дүниеге келіп, кейін Ресейге көшіп кеткен ғарышкерлер:

Шаталов Владимир Александрович, 1927 жылы 8 желтоқсанда Қазақ автономиялық социалистік республикасы кезінде Петропавл қаласында туған. Ғарышқа алғашқы ұшу 1969 жылдың 14-17 қаңтарында жасалды.

Викторенко Александр Степанович 1947 жылы 29 наурызда Қазақ КСР-нің Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Александр Степанович 1987 жылы 22 шілдеден бастап 30 шілдеге дейін «Союз ТМ-3» кемесі экипажының командирі А.П. Александров пен М.Фариспен (Сирия) және Мир орбиталық кешенінде Ю. В. Романенко және А.Лаврикинмен болды. Ол «ТМ-2 Одағы» А Лавейкин мен М. Фариспен Жерге оралды. Рейс 7 күн 23 сағат 04 минут 55 секундқа созылды.

Присоединяйся к нам!
Зарегестрируйтесь
Уже есть аккаунт? Войти