Қа
Қазақ тiлi
26.05.2023 11:22
Решено

20б 7 предложений с этими словами

Лучшие ответы
faraon21
6
4,6(88 оценок)
26.05.2023 01:51

Соғыс зардабынан сол кезде жетім балалар көп болған. Өзің біліп тұрсаң да айтылған сөзге құлақ салу керек. Ол қаладан шалғай ауылда тұрады. Ересек адамдардың ақылын тыңда. Балалар жағалай отырып, түрлі ойындар көрді. Мынау таяқ қолағаштай екен. Ол панасыз, жетім болып, жетістіктерге өз бетімен қол жеткізген.

Объяснение:

alapova1
5
4,8(85 оценок)
26.05.2023 03:31

озғалтқыш, мотор (лат. motor – қозғалысқа келтіретін) – қандай да бір энергия түрін механикалық жұмысқа түрлендіретін күш-қуат машинасы. Энергия механикалық жұмысқа қозғалтқыш тегіне (типіне) қарай қайталамалы-ілгерілемелі қозғалыстағы піспек (поршень), айналмалы қозғалыстағы ротор немесе реактивті қозғалыс тудыратын аппарат арқылы түрленеді. Оны жердегі, судағы, аспандағы, ғарыштағы көлік құралын қозғалысқа келтіру, өндірістің әр саласындағы жұмыс машинасын, тұрмыс техникасын,тағыда басқа іске қосу үшін қолданады. Қозғалтқыш бірінші реттік (бастауыш) және екінші реттік (қостауыш) Қ. болып бөлінеді. Бірінші реттік қозғалтқыш (бу, газ, жел қозғалтқыштары) табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су, жел энергиясын, ядролық энергияны) механикалық энергияға тікелей түрлендіреді. Оған жылу қозғалтқышы, бу қозғалтқышы, газ қозғалтқышы, жел қозғалтқышы, гидравликалық қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Олардың ішінде отын немесе атом энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын жылу қозғалтқышы ең басты топты құрайды. Ал екінші реттік қозғалтқыш бірінші реттік қозғалтқыш көмегімен алынған энергияны түрлендіреді. Олардың қатарына электрикалық қозғалтқыштар, пневматик. (сығылған ауаның қысымын пайдаланатын) қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Жинақталған механикалық энергияны беретін құрылғылар да қозғалтқыш (инерциялық, серіппелі, гірлі механизмдер) қатарына кіреді. Атқаратын қызметіне қарай қозғалтқышты орнықты, мобильді (көшпелі, жылжымалы) және көліктік қозғалтқыштар деп бөледі. Адамзат тарихындағы тұңғыш механикалық қозғалтқыш су дөңгелегі болды. Оны ертеде суландыру жүйесінде өзен-көлден су тартуға, кейін келе мануфактура өндірісінің күш құралы ретінде қолданды.

easyotvet01
1
4,6(7 оценок)
26.05.2023 03:31

1)Үзінді идеясының ұлттық ерекшелігі:

М. Мөңкеұлы өзінің "Үш қиян" өлеңіндегі бұл үзіндісінде негізгі идеяны жеткізе білген. Үзінді идеясы - болашаққа көз тастау, заманнан қорқып, адамның осал тұсын көріп, ұрпақ үшін алаңдатушылық таныту. Ата-бабадан қалған байтақ жердің тапталғанын, кейінгі жас ұрпақты орыстардың өіне баурап алуы, жүректегі бар мейірімінен айыруы мәселесі көтерілген. Шаш, мұрт қою, ішімдік ішу сол заманның бейнесі екенін көреміз. Автор заманның бұндай түрін ұнатпайды, келешек үшін қам жейді.

2)стил-коркемдеуиш

Присоединяйся к нам!
Зарегестрируйтесь
Уже есть аккаунт? Войти