Қа
Қазақ тiлi
07.11.2021 05:17
Решено

ЖАЗЫЛЫМ 6-тапсырма. Мәтіннен жалқы есiмдердi терiп жазып, сөйлем құра.

Лучшие ответы
СвинкаГоппа
13
4,4(37 оценок)
07.11.2021 16:34
Янаписала,чуть по другому) бірінші мамыр - әрқайсымыз үшін ерекше күн. мерекенің атмосферасын ләззат алу үшін көшеге барады. қазір бұл мереке бұрынғыға қарағанда біршама ерекшеленеді. бірінші мамыр - көктем мен еңбек күні. біздің ата- осы күннің келуіне бізді қуанту үшін көп нәрсе жасады. сіз шығатын болсаңыз, бақытты ң көптігін көресіз. барлығы жылудың, күннің және нақты көктің келуіне қуанышты. олар күнделікті киім киген, жазғыдай секілді. бүкіл қала жарқын тулармен безендірілген, мерекелік мазасыздықтар. ға тегін ұздақ беріледі, олар жаңа бөлікке бақытты түрде жүгіреді. саябақтарда жас отбасылар бар. ойын алаңдарында ойнайды. үстелдерде қарт отырады, олар не болып жатқанын бақылайды. күні бойы бұл суретке таңдануға дайын болғандықтан, олар соншалықты тыныш және жақсы. барлық қала мерекеге оранған.
sinchugov2001
14
4,4(87 оценок)
07.11.2021 18:36
Оқу жылы аяқталып, асыға күткен жаймашуақ жаз да жетті. соңғы қоңырауда мектеппен үш айға қоштасып, жаздың күндерінің қойнына еніп-ақ кеттік. жаз - жылдың төрт мезгілінің ішіндегі ең жанға жайлы, тамаша мезгіл. қаланың күйбең тіршілігінен шаршаған ң барлығы жаз шыға салысымен жазғы лагерьлерге, ауылына не басқа қалаларға қыдырып қайту үшін баруға асығып тұрады. мен де бой жазып, сергу үшін тынысы кең ауылыма тартып тұрдым. ауылым - семейдің киелі баршатас жері. қаладан пойызбен аттанып, әрі қарай автокөлікпен ауылға қарай жүйіткіп келеміз. ауылға кіре берер тұста ағаштар мен тарыдай шашылып жатқан үйлерді көріп, жүрегім жылып сала берді. туған ауылдың құшағына еніп, өн бойымен зырлап бара жатқандағы күйдің өзі бөлек-ау, шіркін. тұла бойым шымырлап, әр тасына дейін емірене қарап отырғанымда апамның үйіне де жетіппіз. үйдің алдына тоқтаған көліктің дыбысын естіген туған-туыстарым жадырай дуалдың есігін ашып, мәз-мейрам болып қарсы алып жатыр. көптен көрмеген жылы жүздер, көптен иіскемеген апам үйінің иісі, барлығы да көңілімді өмірге қайта келгендей шаттандырады. кіндік қаным тамған киелі өлкеге келіп, топырағын басып, ауасымен тыныстап, суынан құмарың қанғанша ішудің өзі қаншама жылдар бойы қала тірлігі шаршатқан денеңнің құрышын жазып, қала өмірі басқан еңсеңді тіктейді. ауылдағы туған-туыстарымның үйіне сәлем беріп, әр үйде арқа-жарқа болып сыр тартысып, қойныңа сыймайтын қуаныш арқалаумен біраз күндер өтті. достарыммен, көз көрген таныстарыммен кездесіп, асыр салып, бұрынғыны еске түсіріп, тағы да бірнеше күннің қалайша лезде өтіп кеткенін де аңғармай қаласың. ауылдың табиғаты табиғат-ау, шіркін. өзенге барып, баршатастың басы аталатын баршатас өзенінің таудың құшағына еніп, мамыражай аққан суына барып, рахаттана суға күмп бересің. өзен жағасында отырып алып, қиырышық тастарды суға лақтырып, тасты емес-ау, құдды бір санаңды шырмаған тұманды ойларды, еңсеңді езгілеген қиындықтарды лақтырғандай боласың. мұнан соң тауға шығып, кермиық кең даланың төсіндегі бір нүкте ғана бола тұра, осы бір даланы өзің ғана иемденетіндей құшағыңды айқара ашып әрлі-берлі жүгіріп, топырағына аунап, тұтас жерді қойныңа сыйғызардай боласың. қырдан гүл теріп, жусанның көкірегіңді жарар иісін құшына иіскеп, қтың артта қалып бара жатқан күндерімен қайта табысасың. тау басына шығып, күнге қарап көсіле отырып, алдағы күнге деген арман-мақсатыңды тізіп, бойыңа жігер жиясың. осылайша ауылдан қайтар уақыт та келіп жетеді. қимастықпен қол бұлғап, қайтадан тынысы тар қаланың тірлігіне асығасың. бірақ ауылда өткізген әр күннің өзі жанға шипа. дәміл-дәміл есіңе түсіп, аңсатқанымен, бойыңа бір жылға жетерлік күш-қуат сыйлайды.
Присоединяйся к нам!
Зарегестрируйтесь
Уже есть аккаунт? Войти